Сіз және заң

17.02.2025

Біздің әрқайсымыз толыққанды өмір сүруге, өз пікірімізді айтуға, жолды еркін таңдауға және өзіміздің ерекше мақсатымыз бен бірегейлігімізге сенуге құқығымыз бар. Адам құқықтарын сақтаудың сөзсіз басымдығын заңдастыра отырып, сіз өзіңізді толықтай жүзеге асыра аласыз, өз өміріңізді құра аласыз және басқаларға да солай етуге мүмкіндік бере аласыз. Демократия мен бейбітшілік мәдениеті заң саласында білімді азаматтарсыз мүмкін емес. Құқықтарды білу қоғам өміріне белсенді қатысуға, өз өмірі мен отандастарының өміріне жауапкершілікпен қарауға көмектеседі. «Сен және Заң» тақырыбындағы пікірталас 2025 жылдың 11 ақпан күні Ж. Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің «Заңгер» клубында өтті. Ойынның лейтмотиві Марк Туллий Цицеронның «біз еркін болу үшін заңдардың құлы болуымыз керек» деген қанатты сөздері болды.



Текст
Виртуальная приемная